Израиль бүгін таңертең Иранға соққы жасап, шабуылына жауап берді
ТЕЛЬ-АВИВ. 19 сәуір. Бүгін таңертең ертемен Израиль армиясы Иран территориясын ракетамен атқылап, оның бұған дейінгі соққысының қарымтасын қайтарды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі ABC News тілшісіне мұны растады.
Иранның Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, жарылыс Иранның Исфахан уәлаятының солтүстік-шығысындағы Кахджаваристан қаласында болған.
Иранның үш шенеунігі The New York Times мәтбұғатына берген сұхбаттарында соққы осындағы әскери базаға жасалғанын растады.
Бұдан бұрын Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант елдің 500-ден аса әуе шабуылына тап болғанын мәлімдеген еді. Израиль территориясына 120-ге жуық баллистикалық ракета, 170 ұшқышсыз ұшақ және 30 қанатты зымыран шабуыл жасады.
Иран Израильге тікелей соққыны 14 сәуірге қараған түні берді. Шабуыл Израильдің 1 сәуір күні Иранның Шам шаһарындағы консулдығын атқылауына қайтарылған жауап ретінде жасалды. Соның салдарынан бірнеше адам қаза тапты, олардың арасында Иран ислам революциясын қорғаушылар корпусының генералдары Мохаммад Реза Захеди мен Мохаммад Хади Хаджи Рахими болды.