ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Ресей майданмен шекаралас қалаларды шамандар көмегімен қорғамақшы
МӘСКЕУ. 6 қазан. Ресей шамандары Украинамен шекаралас ауданда орналасқан қалаларды шабуылдан қорғауды өз мойындарына алып жатыр. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазір майдан шебіне жақын жерлерде бақсылардың рухтарды қалаларды қорғауға шақыру салт-үрдісін бастап кетті. Оңтүстік федералды округінің жоғарғы шаманы, РФ жоғарғы шаманының өкілі Алена Муравьева «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында осы жайында айтып өтті.
«Біз барымызды салып жұмыс істейміз, шекараға жақын жердегі қалаларымызды соғыс өртінен аулақ ұстаймыз. Біздің жігіттеріміздің қаза тапқандары аз болуын, біреулердің күйеулері немесе балалары болып келетін майдангерлердің аман-есен қайтуларын тілеп отырмыз», – деп мәлімдеді Муравьева.