25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тұтқындағы кісіні ұрған Кадыровтың ұлы Шешенстан батыры атанды

7 Қазан 2023 14:36
- Жаңалықтар, Тіршілік
Тұтқындағы кісіні ұрған Кадыровтың ұлы Шешенстан батыры атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ГРОЗНЫЙ. 7 қазан. Уақытша ұстау оқшаулағышында (СИЗО) жатқан Волгоград тұрғынын ұрған Адам Кадыров Шешенстан батыры атанды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Рамзан Кадыровтың Құранды өртегені үшін қамалған Никита Журавельді уақытша ұстау оқшаулағышында ұрған он бес жасар ұлы Адамға Шешенстан батыры атағы берілді», – деді РФ мемлекеттік думасының депутаты Адам Делимханов.

Депутат аттасының бұл әрекетін «барынша сауатты, жан-жақты білімді және мақсаткер жасөспірімнің жарқын үлгісі» деп атап көрсетті. «Ол балаң кездерінен өзінің көшбасылық және ұйымдастырушылық қабілетін танытты, қашанда өзін дамытуға ұмтылды және ешқашан уақытын босқа өткізген емес», – деді Делимханов.

Рамзанның досы әрі құйыршығы сондай-ақ өзінің аттасы Адамның спорттағы «айрықша табыстары» жайлы айтып өтті. Қарап тұрса, жасөспірім бала «аралас жекпе-жектің беделді турнирлерінде бірқатар тамаша және талассыз жеңістерге жеткен» көрінеді. «Мен Адам Отанына адал да табанды қызмет ету арқылы өз халқы мен еліне орасан зор пайда әкеледі деп сенемін», – деді Делимханов соңында.

Еске түсіре кетейік, Шешенстанның серкесі Рамзан Кадыров 25 қыркүйек күні әлеуметтік желіде өз ұлының Құранды отқа жаққаны үшін уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған Никита Журавель деген біреуді ұрып жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Ол өз сөзінде ұлының бұл әрекетін мақтаныш ететінін айтып өтеді.

Видео сол бойда үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Пікір білдірушілердің дені Шешенстан басшысы ұлының бұл әрекетін қатты сынға алды. Олар онсыз да қамауда жатқан, қолдарына кісен салынған адамды ұра салудан оңай нәрсе жоқ екенін баяндады. «Әрине, сен шешен лидерінің ұлы болсаң, жасыңның нешеде екеніне қарамастан, шешен жерінде қамауда жатқан кімді болса да ұра аласың. Мұның мақтан тұтатын ештеңесі жоқ», – десті олардың басым бөлігі. «Дон-дон тағы да әдеттегідей далбасалап кетіпті. Осының ақылы толық екеніне күмәндімін. Мұның орнына ол екі бүйрегінің қатерден аман шығу жағын ойламай ма?», – дегенді жеткізді тағы бір топ.

Әлеуметтік желідегілердің басым бөлігі осы әрекеті үшін Адамды қылмыстық жауапқа тарту керектегі жөніндегі пікірге ұйыды.

Алайда Шешенстан құқық қорғау органдары болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Грозный полициясы Адам Кадыровтың 15-те екенін, сондықтан жасы қылмыстық жауапкершілікке тарту мөлшеріне келмегенін мәлімдеді.

Кремльдегілер де уақытша ұстау оқшаулағышында жатқан қорғансыз Журавельдің таяққа жығылу фактісіне орай түсіндірме бергілері келмеді. Президент Владимир Путин ұлының бейбастақ әрекеті үшін Рамзан Кадыровты жазалай қоймады.

Бұдан бұрын Адам мен оның 17 жасар ағасы Ахмат «Лаңкестікпен күресте көзге түскені үшін» медалімен марапатталған еді, ал өткен жылы қазан айында Рамзан Кадыров кәмелетке толмаған осы екі ұлының Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысып қайтқанын мәлімдеген болатын.

Таңбалар: Адам КадыровДурдомРамзан КадыровШешенстан батыры

Ұқсас мақалалар

Кадыров өзінің үлкен ұлы – Ахматқа да «Шешенстан батыры» атағын берді
Жаңалықтар

Кадыров өзінің үлкен ұлы – Ахматқа да «Шешенстан батыры» атағын берді

08.08.2026
Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды
Әлеумет

Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

19.07.2026
Сербия Кадыровтың жиеніне берген азаматтықты қайта алып қойды
Жаңалықтар

Сербия Кадыровтың жиеніне берген азаматтықты қайта алып қойды

28.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist