Ресейде мобилизация: Путин 130 мың адамды әскерге шақыруға жарлық берді
МӘСКЕУ. 30 қыркүйек. Кеше РФ президенті Владимир Путин тағы 130 мың ресейлікті әскер қатарына алу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот күтіп отырған Ресейдің қандықол диктаторы Украинадағы қанды қырғынын одан әрі жалғастыра түсуге құмбыл болып отыр. Құжат Ресей құқық актерілерінің порталында жарияланды.
Жарлыққа сәйкес, жастары 18-ден 27-ге дейінгі, бұған дейін запасқа қойылмаған 130 мың адам оккупациялық фашистік армияның қатарына алынады. Шақыру биылғы жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
Бұл жолғы күзгі шақырылым армия шақыру жасын 27-мен шектеген соңғы мәулет болып табылады. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарына бастап әскерге 18 бен 30-дың арасындағы Ресей азаматтары алынады.
«Күзгі шақырылыммен келгендер соғысқа аттандырылмайды және Украинадағы басып алынған аумақтарға жіберілмейді», – деді РФ қорғаныс министрлігі бас штабы бастығының орынбасары Владимир Цимляньский.
Алайда оның бұл мәлімдемесіне оншалықты сене беруге болмайтынын, оның ешқандай құны жоқ екендігін бұған дейінгі шақырылымдар барысы көрсетіп кеткен болатын.
Қазіргі күндері Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі әскери комиссариаттар алдында ұзыннан ұзақ кезектерді көруге болар еді. Оларға есепке тұруға немесе әскерге шақырылуды кейінге қалдырта тұруға, сондай-ақ армиямен баламалы қызметке алынуға тілек білдірген жастар жиналған.
Ресей жұмыс берушілері өз қызметкерлерін әскери есепке шұғыл түрде тұрғыздырып жатыр. Бұл 1 қазаннан бастап заңды тұлғаларға әрбір есепке тұрғызылмай қалған қызметкер үшін 400-500 мың рубль көлемінде айыппұл салынатындығына байланысты туып жатқан белсенділік болып тұр.