Путин полковник Трошевті «Вагнердің» жаңа қолбасшысы етіп тағайындады
МӘСКЕУ. 30 қыркүйек. РФ президенті Владимир Путин «Вагнер» ЖӘК-ның бұрынғы командирі Андрей Трошевті осы құрылымның жаңа қолбасшысы етіп белгіледі. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейдің қандықол диктаторы осы үшін алдымен қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуров пен полковник Андрей Трошевті қабылдады. Ол бұлардың соңғысына «еріктілер» армиясымен айналысып, Украинадаеғы соғысқа қайта оралуды ұсынды.
«Біз арнайы соғыс операциясы аймағында әртүрлі жауынгерлік міндеттерді атқаратын еріктілер бөлімшелерімен сіздің айналысатыныңыз жайында әңгімеледік», – деді Путин.
Ол өз сөзінде Трошевтің бір жылдан астам уақыт соғыста болғанын, сондықтан «еріктілер» жайын жақсы білетінін атап өтті.
Андрей Трошев – отставкадағы полковник, «Вагнер» штабының бұрынғы басшысы, 2016 жылы Пальмираны алғаны үшін Ресей қаһарманы атағын алған, шақыру аты – «Седой».
Трошев өткен жазда Пригожиннің көтерілісін қолдамаған екен.