Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

НАТО елдері Ресейдің шекарасына 250 истребительді әкеп орналастырады

БРЮССЕЛЬ. 29 қыркүйек. НАТО-ның Еуропадағы елдерінің көпшілігі Ресей шекарасы сызығына жақын жерлерге истребительдерін әкеліп қоюға келісім жасасты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шекара күзетінде тұратын соғыс ұшақтарының жалпы саны 250-ге жуықтайды.

Шығыс және Солтүстік Еуропаның бірқатар елдері, – соның ішінде жақында альянс құрамына қабылданған Финляндия да бар, – Ресейдің Украинаға басып кірген соғысы салдарынан Американың F-35 маркалы истребителінің бесінші буынын жаппай сатып алуға кірісті.

Өткен сәрсенбі күні Чехия премьер-министрі Петр Фиала АҚШ-тан 24 истребитель сатып алу жөнінде ұйғарым жасалғанын айтты. Мемлекет осы мақсатқа 150 млрд крон ($6,5 млрд) жұмсағалы отыр. Алғашқы F-35 ұшақтары 2029 жылы дайын болады. Чех ұшқыштары сондай-ақ оларды жүргізуді АҚШ-та оқып үйренеді.

АҚШ-пен арадағы мұндай саудамен Румыния, Польша, Финляндия, Дания, Норвегия елдері де айналысып жатыр. Олардың барлығының сатып алатын F-35истребительдерінің саны 247 болмақ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button