23 Қараша, 02:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада жаңа Неке сарайы салынып, пайдалануға берілді

29 Қыркүйек 2023 18:25
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада жаңа Неке сарайы салынып, пайдалануға берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 қыркүйек. Сыр бойының бас қаласында заманауи үлгідегі жаңа Неке сарайы салынып, бүгін жастарға құшағын айқара ашты. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz  хабарлайды.

Бұрын отбасылық өмірдегі алғашқы құжатын мейрамханалар мен табиғат аясында рәсімдеген жұбайлар енді бұл маңызды іс-шараны сәні мен салтанаты жарасқан Неке сарайында өткізеді. Аймақтың 85 жылдық мерейтойы мен қала күні аясында есігін айқара ашқан жаңа ғимарат жас жұбайлардың маңызды қадам жасайтын орны болмақ.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мереке күндері қаламызға сән берген әсем ғимараттар, көз тартар көркем аллеялар тарту етілгенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  «Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген» деген болатын. Бұл орталықты іске қосудың әлеуметтік маңызы өте зор. Жыл сайын Сыр өңірінде мерейлі отбасылар саны артып келеді. Биыл «Отбасы күні» қарсаңында Астана төрінде 10-шы рет өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында жерлесіміз, ғасыр жасаған қазалылық майдангер, қазыналы қарт Қабақ Смағұловтың әулеті лауреат атанды. Бұл Сыр жерінде отбасы құндылықтарын берік ұстаған өнегелі әулеттер біздің мақтанышымыз. Неке сарайы ғимаратын аша отырып, бұл дәстүрді одан әрі дәріптейтін боламыз. Орталықта қалыптасқан қағидаға сәйкес «қазақы қарашаңырақ» идеологиясы дәріптеліп, рухани кемелденген жаңа буын қалыптастыруға жағдай жасалатын болады», –  деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы Неке сарайы ғимаратын сапалы салып, мерзімінде тапсырған «Авангард» ЖШС басшысы Расул Искаковқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасын, ал компания қызметкерлеріне алғыс хаттар тапсырды.

Бұдан бөлек, Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы аллеяны салған «Техоснастка» мекемесі мен облыс көлемінде ауқымды жол құрылыстарымен айналысып келе жатқан «УАД» компаниясының басшылары мен қызметкерлері де марапатқа ие болды.

Жиында отбасылық өмірге жаңа қадам басқан жас жұбайлар өз алғыс сезімдерін жеткізді. Еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов жаңа Неке сарайының пайдалануға берілуімен құттықтады. Ал «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты, ғасыр жасаған абыз ақсақал Қабақ Смағұлов бата берді.

Айта кетейік, жаңа нысанда неке қию рәсімделіп қана қоймайды, ол сонымен қатар жастардың жұбайлық өмірге бейімделуіне, денсаулығын сақтауына, жұмыспен қамтылуына, тұрғын үйге кезекке тұруына, ұлттық салт-дәстүрді  сіңіруіне жәрдемдеседі. Мұнда Жастар денсаулығы, «Анаға тағзым» орталықтары, «Отбасы» банкі, «Бақытты отбасы» жұмыспен қамту орталығы келушілерге қызмет көрсетеді.

Бүгінде облыста 141 мыңнан аса отбасы болса, оның 48 мыңнан астамы – көп балалы аналар, 17 мыңға жуығы – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері.

Таңбалар: ашылу рәсіміҚызылордаНеке сарайы

Ұқсас мақалалар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026
Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті
Аймақ

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

14.11.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist