Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Қазақстан президенті Ресейге қарсы санкцияны сақтауға уәде берді

БЕРЛИН. 28 қыркүйек. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Германияға барған сапары кезінде Батыстың Ресейге қарсы санкциясын орындауға ниетті екенін айтты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Германия канцлері Олаф Шольцпен жүргізген келіссөзінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

«Біз санкция тәртібін сақтау жөніндегі тиісті ұйымдармен байланыстамыз, сондықтан, менің ойымша, немістер тарапынан біздің санкциялық тәртіпті әлдеқалай бір айналып өтуге бағытталған іс-әрекеттерге бару ықтималдылығымыз жөнінде күмән болмауға тиіс», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан Ресеймен «тұрақты достық қарым-қатынасты» ұстасып келеді, ол солтүстік көрші тарапынан әлдеқандай бір территориялық талаптар көріп отырған жоқ.

Тоқаев өз сөзінде биылғы жылдың басынан бері Қазақстан «Достық» құбыры арқылы Германияға 500 мың тонна мұнай жөнелткенін сөз етті. Келесі жылы Ресейді айналып өтетін мұнай экспортының көлемі 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайтылады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button