Украина әскерлері Донецкінің солтүстік-батысындағы майдан шебін бұзып кірді
КИЕВ. 9 қыркүйек. Украина Қарулы күштері Донецкінің солтүстік-батысындағы майдан шебін де бұзып өтіп, қалаға жақындады. Бұл туралы DeepState дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украина қорғаныс күштері өткен тәулікте тағы ілгері жылжыды, қазір олар Донецк әуежайынан санаулы шақырым жерде тұр», – делінген хабарламада.
Украина Қарулы күштері Донецк бағытындағы Опытное тұсында майдан шебін бұзып өтті. Ал бұл елді мекен Донецк аэропортының солтүстік жағында.
Украина әскерлері 8 қыркүйек күні таңертең шабуылға шықты. Оның жорығы DeepState тәуклсіз ресурсының картасында сызып көрсетілген.
Картаға қарағанда, украин сарбаздаоы Опытное селосына дейінгі 2 шақырымдық жерді азат еткен. Қазір селоның Донецкіне қарай шығаберісінде кескілескен ұрыс жүріп жатыр.
Украина Қарулы күштері бұған дейін Запорожье бағытында РФ армиясының бірінші қорғаныс желісін бірнеше жерден бұзып өткен жайлы жазғанбыз.
Украина армиясы қазіргі күндері Донецк облысының 2014 жылғы шекарасын толық қайтарып алуға жақындап қалды.