Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Балқаш жолында орын алған алапат апатта 9 адам өмірмен қоштасты

ҚАРАҒАНДЫ. 19 тамыз. Бүгін таңертең Қарағанды облысының территориясындағы Балқаш – Приозерск тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алып, 9 адам қаза тапты. Бұл туралы «Азаттық» радиосына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қанды оқиға 19 тамызда таңертеңгі сағат 6-да Балқаш – Приозерск автожолында «Гүлшат» ауылынан 5 шақырым жерде орын алған. Toyota Camry 70 және Honda Odyssey көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 9 адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлады polisia.kz сайтының дерегінше, оқиға орнында 9 адам опат болса, бір жолаущы медицина мекемесіне жеткізілген.

Кейбір деректерге қарағанда, жантәсілім еткендердің арасында бүтін бір отбасы бар екен.

Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сараптама тағайындалған. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат айтылмайды.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы қаңтар мен маусым аралығында Қазақстанда жол апатынан 300-ден астам адам қаза болған. Қалған өңірлермен салыстырғанда Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жол апатынан көп адам өлген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button