Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы дарияға суға кетіп, опат болды
ТҮРКІСТАН. 22 тамыз. Түркістан облысының Отырар ауданында бір әулеттің 11 мүшесі суға батып кетіп, қапияда қаза тапты. Бұл туралы Adyrna.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бір әулеттің ата-тектері бірдей 4 отбасының 20 адамы Сырдария өзенінің жағасына демалуға барған көрінеді. Мұның ақыры өте қайғылы аяқталады. Ағайынды жігіттер отбасыларының 11-і сол жерде дарияға арнасына батып кетеді. Кейін олардың 8-інің, 2 ересек адамның, 6 жасөспірімнің өлі денелері судан алып шығарылады. Ал әлі табылмай, іздестіріліп жатқан 3 адамның екеуі жасөспірім, біреуі жасы кәмелеткен толмаған бала екенін белгілі болып отыр.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баяндауынша, қайғылы оқиғаны бастан кешкендер Отырар ауданына қарасты «Көксарай» ауылының тұрғындары екен.
Апатқа ұшырағандарды іздестіру жұмыстарына барлығы 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылған.
Департаменттің мәліметінше, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ауы – ересектер. Олар Сырдария тыйым салынған жерде шомылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары алдымен судан 6 мәйітті шығарды. Кейіннен сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамның денесін тапты. 22:50 тағы бір адамның мәйіті жағадан 6 метр қашықтықтан табылды.