Жаңалықтар жаңғырығы

БАҚ Хосни Мубарактың қайтыс болғанын хабарлады

КАИР. 25 ақпан. Египеттің экс-президенті Хосни Мубарак бүгін жасы 92-ге қараған жағында дүниеден озды. Бұл туралы «Al Youm as Sabia» порталына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады.

Бірақ әзірге ресми мәлімдеме болған жоқ.

«Әл-Ватан» сайтының мәліметінше, экс-президент әскери госпитальда жатып көз жұмған.

Хосни Мубарак 1981 жылдың 14 қазанынан 2011 жылдың 11 ақпанына дейін Мысыр елін биледі. Оның осы 30 жылдан астам уақытқа созылған үздіксіз билігінің ақыры халық көтерілісіне алып барды. Ол тақтан осы «араб көктемі» лебі бойынша туған революцияның дүмпуімен тақтан тайды. Жаппай орын алған наразылық актілерінің нәтижесінде өзі отставкаға кетті. Ал сәуір айында Мубарак тұтқынға алынып, артынша сот процесі басталды. Оған өте зор көлемде жемқорлық жасады деген айып тағылды. Бұған қоса, оның есепсіз байлықтың егесі болғаны да белгілі.

2012 жылы бұрынғы президент бейбіт шеруге шыққандарға оқ жаудыруға қатысу болғандықтан, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Алайда, 2013 жылы билікті әскерилер басып алуына байланысты экс-президент жоғары сот инстанциясының араласуымен ақталып шықты. Ол 2017 жылы бостандыққа шықты. Түрмеде инфаркт алды.

Міне, азаттыққа шыққаннан кейін үш жыл шамасында өмір сүріп, бақилық болып бара жатыр.

Әркімге – Алла төреші.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button