18 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наразы жұрт министрдің отставкаға кетуін талап етті

26 Ақпан 2020 14:22
- Әлеумет, Жаңалықтар
Наразы жұрт министрдің отставкаға кетуін талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 26 ақпан. Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу оқшаулағышында жантәсілім еткені белгілі болғаннан кейін наразы жұртшылық Ішкі істер министрінің отстакаға кетуін талап етті. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлады.

Наразы топ елордадағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Олар қоғам белсендісінің қазасын тергеу жұмыстарының бұрмаланбауын және министр Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етті

«Мұндай масқарадан кейін Тұрғымбаев өз қызметінде бір сәтке де отыруға тиіс емес», – дейді белсенді Бибігүл Тұяққызы.

Бұдан соң Ағаділдің жақтастары ІІМ ғимаратына апаратын жолды жауып тастауға ұмтылды. Алайда, оқиға орнына бірнеше автобуспен жеткен бір топ полицей 30 шақты азаматты алып кетті.

Оқшаулағышта көз жұмған 42 жастағы Дулат Ағаділ саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды босату, елде демократия орнату мен адам құқығының сақталуын талап етіп жүрген белсенді еді. Ол бұған дейін бірнеше рет наразылық акцияларына шығып, қамауда болған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода қоғам белсендісі полицейлердің өзіне қысым жасағанын айтқан.

«Құқық қызметкерлері екі жылдан бері мені көшеде, я көлікте кетіп бара жатқан жерімнен еш негізсіз ұстап әкетуді әдетке айналдырды. Жұрттың көкейіндегі мәселені айтқаны үшін белсенділерді қудалауға салып, заңсыздықтарға жол беріп отырған Целиноград ауданы полиция, сот және прокуратура органы басшыларын жауапқа тартуды талап етемін», – деген еді Ағаділ.

Әлеуметтік желіде тараған тағы бір видеода Ағаділ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және бас прокурорға үндеу жасаған.

«Халыққа қарасыңыздар, халықпен ойнамаңыздар. Тағы да айтамын, елім, жерім деген адамдарды қудалауды, репрессияны тоқтатыңыздар!» деген Ағаділ қазіргі кезде Қазақстанда қамауда отырған, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған Арон Атабек, Макс Боқаев, Серік Жахин, Алмат Жұмағұлов, Мұхтар Жәкішев, Қайырлы Омар сынды азаматтарды бостандыққа шығаруды талап еткен болатын.

Былтырғы жылдың қараша айында Дулат Ағаділдің уақытша қамау изоляторынан қашып шыққаны хабарланды. Белсендінің өзі мұны: «Жазықсыз қудалау мен заңсыздық қашуға мәжбүр қылды» деп түсіндірген.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы тергеу оқшаулағышында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болғаны хабарланған. Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті.

Полицейлердің мәліметінше, өілмнің алдын ала себебі – жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ағаділдің адвокаты полиция құрықтаған кезде марқұм мас күйде болғанына сенбейді.

«Оның ұсталған кезіндегі видеосы бар, сап-сау. Менің марқұмның қорғаушысы ретінде міндетім – тергеу амалдарының объективті жүруін қадағалап, оның бұрмалауына жол бермеу. Бұл шынайы әрі әділетті тергеу болуы тиіс», – дейді Бауыржан Азанов.

Таңбалар: Дулат Ағаділерлан тұрғымбаев

Ұқсас мақалалар

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды
Жаңалықтар

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа түсті

20.07.2024
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды
Жаңалықтар

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды

02.05.2024
Бұрынғы бас полицей Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар

Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды

30.04.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist