Актриса Светлана Иванова тұрмысқа шықты
МӘСКЕУ. 25 ақпан. Ресейлік 34 жастағы актриса Светлана Иванова 58 жастағы актер, режиссер әрі продюсер Джаник Файзиевке тұрмысқа шықты. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады.
Басылымның жазғанындай, бұл жұп өткен жылдан бері бірге тұрып келеді. Бірақ екеуінің арасындағы қарым-қатынасты жұртқа жариялай қоймаған. Олардың үйлену тойлары жөнінде енді белгілі болып жатыр. Әртістердің әріптестерінің айтуынша, үйлену салтанатына олардың ең жақын адамдары ғана қатысқан.
Алайда, Светлана Иванова мен Джаник Файзиевтің арасындағы сүйіспеншіліктің 2011 жылы басталғанын көпшілік біледі. Бұл екеуінің «Август. Восьмого» деген фильмге бірге қатысқан кезінен өріс алған. Ол кезде актриса Лине Эсплиге үйленгеніне 20 жылдай болып қалған режиссердің басы бос емес еді. Олар екі бала тәрбиелеп өсіріп отырған болатын.
Сол қатынастан 2012 жылы Светлана екеуіне ортақ Полина есімді қыз туды. Сонда олар қарым-қатынастарын өзгелерден жасырып бақты.
2015 жылы Файзиев үйінен біржола кетуге шешім қабылдады. Өзінің елу жылдығын ол осы жылы тойлады. Оны Светланамен бірге Рублевкада өткізді. Екеуі 2018 жылы тағы бір қызды болды. Оның есімін Мира деп қойды.
Джаник Файзиев – 1961 жылы 30 шілдеде Ташкентте туған. Ұлты – өзбек. Толық аты-жөні – Джахонгир Хабибуллаевич Файзиев. Соған қарамастан, жұрт оған «Джаник Хабибович» деп, қарым-қатынас жасайды.
Джахонгирдің әкесі – өзбек режиссері Хабибулла Файзиев, анасы – актриса Ойдин Норбаева. Бірақ ата-анасы Джаниктің жасы бірге толмай жатып, ажырасып кеткен. Содан кейін анасы осетин актері Бимболат Ватаевқа тұрмысқа шығады.
Джаник Файзиев 1993 жылы ВГИК-ті бітіргелі бері Мәскеуде тұрады.
Светлана Андреевна Иванова 1985 жылы 26 қыркүйекте Мәскеуде туған. 2006 жылы ВГИК-ті бітірген. Сол жыоы оператор Вячеслав Лисневскиймен азаматтық некеге тұрған. 2010 жылы одан ажырасып кеткен. Көптеген фильмдерде ойнаған.
Міне, осындай өмір.