Мариупольдің түбінде «кадыровшылар» РФ әскерилерімен атысты: 7 адам өлді
КИЕВ. 13 тамыз. Донецк облысындағы Мариуполь қаласы жанындағы Урзуф кентінде РФ әскерилері мен «кадыровшылар» атысып қалып, кездейсоқ 7 жергілікті тұрғын қаза тапты. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оқиға 11 тамыз, жұма күні орын алған. РФ оккупанаттары уақытша басып алған Урзуф елді мекенінде Ресей армиясының жауынгерлері мен Рамзан Кадыровтың жасағы арасында өзара келіспеушілік туып, оның соңғы қарулы қақтығысқа ұласып кетті. Екі жақтың атысы барысында жеті адам жан тапсырған.
Мариуполл қалалық кеңесі ақпарды растады.
Әлеметтік желіде атыстан кейін көрініс түсірілген видео тарап кетті. Онда өліп жатқан екі адамның бірі – әскери қызметкер, екіншісі жергілікті тұрғын екені көрініп тұр. Жерде автоматтар шашылып жатыр.
Қалалық кеңестің мәліметінше, атыс «кадыровшылар» мен жергілікті комендатура қызметкерлері, яғни РФ армиясының әскерлері арасында болған.
«Кемінде 4 басқыншы Кобзонның концертіне аттанып кетті. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар арасында да қаңғыған оққа ұшқандар бар», – деп баяндады шенеуніктер.
Мариуполь мэрінің кеңешісі Петр Андрющенко атыстың салдарынан 7 адамның қаза тапқанын, олардың арасында 2 жасөспірім қыз, 4 жігіт және бір әйел бар екенін айтты.
«Мұның алдында «кадыровшылар» өздеріне демалыс жариялап, Урзуфқа келген. Сол жерде олар жергілікті комендатура қызметкерлерімен ұстасып қалған. Жанжал басында олар бір-бірлерінің погондарын жұлып тастай бастаған, соңы атысқа ұласқан», – деді Андрющенко.
Бұдан бұрын Мелитополь қаласының түбіндегі саяжайлардың бірінде мас оккупанттардың бір-бірлерімен атысып қалғандары белгілі болған.