Германия Украинаға дыбыссыз ұшатын «супердрондар» бергелі жатыр
БЕРЛИН. 13 тамыз. Алмания (Германия) кез келген жерге дыбыссыз ұшып баратын қазіргі заманғы жаңа ұшқышсыз ұшақ – Luna NG аппаратын Украинаға беретін болып шешті. Бұл туралы Bild басылымының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Аталмыш дрон барлау қызметін де, соққы беру әрекетін жасай алады. Ол Rheinmetall компаниясының ең соңғы жаңалығы болып саналады. Лайнер осының алдындағы модельдің барынша жаңарып, жақсартылған нұсқасы болып отыр.
«Бұл ұшқышсыз ұшақтардың тек барлау жасап қана қоя салмай, сонымен бірге LTE желісін жасайтын, сондай-ақ сөйлесіп жатқандардың сөздерін қағып алатын және дыбысты шудан тазартып алатын қабілеті бар», – делінген хабарламада.
Дрон-жүйе жердегі станция арқылы басқарылады. Станция ауқымына бірнеше осындай аппарат, сөре катапульті және әскери жүк машиналары кіреді. Luna NG аппаратының кез келген жерде дыбыссыз ұшып жүруіне тап осы катапульт мүмкіндік береді.
Сөз болып отырған алман ұшқышсыз ұшағының салмағы 40 кг тартады, ол әуеде 8 сағатқа дейін болып, 100 шақырым жерге дейін барады, 5 шақырым биікке көтеріле алады.
Rheinmetall компаниясы үш апта бойы украин армиясына жібірілетін дрондарды шығарумен айналысады.
Жаңа техниканың Украина Қарулы күштерін күшейте түсетіні анық.