Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Сыр бойында «Мектепке жол» акциясы көмегіне 30 мыңға жуық оқушы зәру

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 тамыз. Қызылорда облысында 30 мыңға жуық мектеп оқушысы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көмек алуға өтініш білдірді. Бұл туралы облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-на дейін жалғасатын акция бойынша көмек алуға 29 774 баладан өтініш түсіп отыр. Қазір құжаттарды қабылдау және өтініштердің сәйкестігін қарау жүріп жатыр.

«Биылғы жылы берілетін материалдық көмектің мөлшері 40 567 теңгені құрайды. Сонымен қатар, облыста кәсіпкерлердің қолдауымен мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Айталық, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, №55 үйде орналасқан «SMALL» сауда орталығы алаңында 30 тамызға дейін отандық тауар өңдірушілердің жәрмеңкесі өткізіледі. Онда жеңілдетілген бағамен мектеп киімдері мен кеңсе тауарларын сатып алуға болады», – деді облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.

Айта кетейік, биыл 16-шы жылы ұйымдастырылып жатқан «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

Акция барысында көмекке мұқтаждар үшін облыстық білім басқармасы арнайы Call орталығын іске қосты. Барлық мәселелер бойынша 60-54-58, 60-54-81, 87753706015 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

Жансая НҰРҚОЖА

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button