Ресей армиясы өткен тәулікте 820 жауынгерінен, 8 танкісінен айрылды
КИЕВ. 9 тамыз. Украина Қарулы күштері соңғы сөткелерде РФ басқыншы армиясының 820 жауынгерін жер жастандырып, 17 артиллериясын, 12 бронды машинасын, 8 танкісі мен 1 ПВО-сын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қарулы күштері бас штабының мәліметі бойынша, Ресей армиясы 2022 жылғы 24 ақпаннан 2023 жылғы 9 тамызға дейін 251 620 әскери қызметкерінен, 8 290 бронды машинасынан, 4 262 танкісінен, 5 013 артиллериясынан, 469 ПВО-сынан, 4 175 дронынан, 1 377 қанатты ракетасынан, 315 ұшағынан, 312 тікұшағынан, 18 катер/кемесінен, 7 479 автомобилі мен автоцистернасынан, 742 арнайы техникасынан айырылған.
Украина әскерлері кешелі бері оңтүстіктегі Донецк және Запорожье облыстарындағы үш елді мекен ауданындағы шабуылдарда табысқа жетіп, алған бекіністерін бекітіп жатыр. «Украина Қорғаныс күштері Бахмут, Мелитополь және Бердянск бағыттарында шабуыл операцияларын жүргізуді жалғастыруда», – делінген хабарламада.
Украин әскерлер осы ұрыстардың барысында Ресей оккупанттарының майор Томов басқарған барлау тобын алдап өздеріне қарай тартып, қақпанға түсіріп, өздерін соңынан жойып жіберген. Украиндар алғашқы шайқас кезінде жаудың легін талқандап тастаған. Сосын олардың рациялары бойынша оккупанттардың артқы жақтағыларын көмекке шақырған. Осылайша жау тобы тұзаққа түсіп қалған. Анықталғандай, оккупанттар Днепрдің сол жағалауында украин жасақтарының тосқауылына тап болған. Олардың дені қырылған, ал аман шыққандары тұтқынға түскен.
Орыс әскерилері Казачье лагери елді мекені маңында да украин әскерлерінің жойқын шабуылына ұшыраған. Олардың 25 жауынгері, соның ішінде 3 офицері сол жерде қаза тапқан.