АҚШ Украинаның алғашқы Abrams танктерін қыркүйекте алатынын мәлімдеді
УАШИНГТОН. 8 тамыз. АҚШ Abrams танктерінің алғашқы партиясы Украинаға қыркүйек айында жеткізілетінін ресми түрде растады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Америка армиясының сатып алу қызметінің бастығы Даш Буш CNN телеарнасына берген сұхбатында Украина Қарулы күштерінің қарамағына жаңа соғыс техникалары қыркүйек айының ішінде-ақ барып жететінін айтты.
«Олар дайын тұр. Енді оларды әуелі Еуропаға, ал одан әрі Украинаға барлық тиесілі заттары: снарядтарымен, қосалқы бөлшектерімен, жылу жабдығымен, жөндеуге қажеті құралдарымен бірге жеткізуіміз керек. Былайша айтқанда, бұл – жалғыз танкілер ғана емес, бұл – толық құрамдағы пакет», – деді Буш эфирде.
Бірақ ол нақты қанша машина баратынын анықтап айтқан жоқ. Бұдан алдын өз мәнбелеріне сілтеме жасаған Politico қайта жасақталу үшін тамызда 6-8 танкінің Германияға жіберілетінін, соңынан Украинаға жеткізілетінін айтқан еді.
Басылым Украина Қарулы күштерінің барынша қазіргі заманғы М1А2 орнына М1А1 моделін алатынын, оны қайта жабдықтау үшін біраз уақыт керек екенін атап көрсетті.
АҚШ 2023 жылдың қаңтарында Украинаға барлығы 31 дана Abrams берілетінін жариялаған болатын. Ол Украина Қарулы күштерінің бір батальонына татиды. Украиндар бұл танкілерді пайдалана білулері үшін арнайы Германияда оқытылды.