АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Тары түйіп, сөк салып, талқан тартқан ақжарылқап ауыл

Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының «Ортақшыл» ауылы – тары өндірумен аймаққа аты танылған бірден-бір елді мекен. Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – егін және мал шаруашылығы. Оның ішінде бағалы дақыл – тары өсірумен, ұлттық тағам – талқан және сөк өндірумен айналысады.

Нәпахасын тары егінінен айырып отырған іргелі қоныста мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау тапқан сөк-талқан өндіретін 2 шағын цех жұмыс істейді.

Биылғы жылы «Ортақшыл» ауылына негізгі аяқ су жеткізетін «Л-5» және «Л-5-2» және «Жаңа Сас» каналдарының бойына ауыл тұрғындары 349 гектар жерге егіс егуді жоспарлап отыр.

Анықтама ретінде айта кетейік, ауылда 140 гектар жерге тары, 35 га танапқа картоп, 174 га алқапқа көкөніс және бақша дақылдары егілген.

Ауылдық округ бойынша 6 заңды тұлға, 28 шаруа қожалығы, 60 жеке кәсіпкерлік субъектісі бар. Сол сияқты мұнда 5 азық-түлік дүкені, 1 автомобильдерге сервистік қызмет көрсету орталығы, 1 наубайхана, 1 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін заманауи әрлеу материалдарын шығаратын цех, 1 монша, 1 ұстахана халыққа тұрақты қызмет көрсетуде.

Тағы бір айта кететін жайт, тары бүгінде «Ортақшылдың» нағыз брендіне айналып тұр. Қазір Астана тұрғындары арасында да бұл ауылдың сөгі үлкен сұранысқа ие.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button