Жалағаш ауданы жылу беру маусымына сақадай сай дайын отыр
ЖАЛАҒАШ. 31 шілде. Қызылорда облысының Жалағаш ауданы алдағы жылу беру маусымына жан-жақты дайындықпен келіп отырғаны мағлұм болды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қыс шанаңды жаз сайла» дейді атам қазақ. Осы қағидатты берік ұстанған Жалағаш ауданының коммуналды шаруашылығы биылғы қоңыр күзде басталатын жылыту кезеңіне әзірлікті ерте бастан бастап кетті. Соның нәтижесінде қауырт шаруа қысқа мерзім ішінде тиянақты да мұқият атқарылып шықты. Демек, аудан жылыту маусымы қазір шұғыл басталып кетсе де, еш қысыла қоймайды.
Осы және басқалар жайлы Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ғабит Ерболұлы әңгімелейді. Ол агенттік тілшісіне ауданның қазірдің өзінде алдағы маусымға дайын екенін жеткізді.
Бөлім басшысының айтуына қарағанда, аудан көлемінде жылытылатын барлығы 99 әлеуметтік, бюджеттік нысандар бар. Соның ішінде әлеуметтік нысандар саны – 81, мемлекеттік мекемелер – 18. Әлеуметтік нысандардың 30-ы сұйық отынмен, 39-ы қатты отынмен, 10-ы газ отынымен, 2-еуі электр қуатымен жылытылады. Ал ендігі 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына барлық әлеуметтік және басқа да бюджеттік нысандардың сұйық отын қажеттілігі 2077 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 2900 тоннаны құрайды.
«Бүгінгі күнге дейін нысандарда 28 тонна сұйық отынғ яғни қажеттіліктің 1,4 пайыздық, 81 тонна қатты отын, яки қажеттіліктің 2,8 пайыздық қорлары бар. Сонымен қатар, 276 тонна сұйық отын, 1429 тонна қатты отын жеткізіп берушілермен тиісті келісім-шарттар жасалды.
2023-2024 жылдардағы жылу маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, дайындық жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 75 әлеуметтік нысан (33 білім нысандары, 18 мәдениет, 16 денсаулық, 8 спорт) немесе 92,6 пайызы жылу беру маусымына дайын. Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына» сәйкес, әзірлік паспорттарын алуға құжаттар үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап қабылданады», – деді Ғабит Ерболұлы өз сөзінде.
Аудан тұрғындарына 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 9000 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 350 тонна (4 пайыз) қатты отын қоры былтырғы жылу маусымынан қалып, тұрғындардың өз қоймаларында сақталған. Аудан тұрғындарына жеке кәсіпкерлер 9000 тонна көмірді үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап жеткізіп беруді жоспарлап отыр. Олардың қатарында «Олжас-2005» ЖШС (Олжас Сейтжанов, көмірді жеткізу жоспары 2100 тонна), «Әжібеков М.» жеке кәсіпкері (Мейіржан Әжібеков, көмірді жеткізу жоспары 2100 тонна), «Мәди» жеке кәсіпкері (Айнұр Елеусінова, көмірді жеткізу жоспары 1930 тонна), «Қырмызы» жеке кәсіпкері (Данагүл Сейтханова, көмірді жеткізу жоспары 1610 тонна), «Ясина» жеке кәсіпкері (Батыржан Садықов, көмірді жеткізу жоспары 1260 тонна) бар.
Бөлім басшысы тұрғындар үшін қажетті көмірді уақытылы жеткізіп және көмірдің бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасалғанын алға тартты. Сонымен қатар, көмірді сату жүзеге асырылатын тауарлық биржалар мен оларға қарасты брокерлердің тізімдері жеке кәсіпкерлерге ұсынылған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлермен көмірді делдалсыз сатып алу мақсатында брокерлер арқылы көмір разрездерімен келісім-шартқа отыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.Ауданға газ келгелі жергілікті халық көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Биылғы жылы Ұлттық қордан «Наркескен» спорт клубының қазандығын (жоба құны 16,0 млн теңге) газ отынына көшіруге 14,4 млн теңге, аудандық кітапхананың қазандығын (жоба құны 12,3 млн теңге) газ отынына көшіруге 11,1 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен екі нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер мекеме болып «КомпанияГазСтрой» ЖШС анықталды. Мердігер мекемемен 14,6 млн теңгеге («Наркескен») және 11,2 млн теңгеге (кітапхана) келісім-шарттар биылғы 5 мамырда жасалып, 11 мамырда қазынашылық басқармасына тіркелді.
Басшының айтуынша, аудандық кітапхана жүйесіне «Ақбозат LTD» ЖШС техникалық қадағалау жасайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін облыстық қадағалау басқармасынан 6 маусымда жылы рұқсат алынған. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастап кеткен. Жоспар бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 6 тамызға тура келеді. «Наркескен» спорт клубы бойынша техникалық қадағалаушы «ATM CONSULTING» ЖШС болып табылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін облыстық қадағалау басқармасынан рұқсат 5 шілдеде алынып, мердігер мекемесімен жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2023 жылы 5 қыркүйекке тура келеді. Сонымен қатар, №№123, 246 мектептердің қазандықтарын газ отынына көшіруге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 7,2 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен «Проект Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылып, 10 маусымда келісім-шарттар жасалды. Ал «Ақсу», М.Шәменов атындағы ауылдарды газдандыру жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлінген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен «АЭS and Limited» ЖШС-мен келісім-шарттар жасалды. Келісім-шарт құнына келсек, Ақсу – 19128 мың теңге, М.Шәменов 19128,0 мың теңгені құрайды. Техникалық қадағалау қызметіне мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде. 2023 жылдың 20 шілдесіне Жалағаш кентіндегі 2561 тұрғын үй (80,9 пайызы) орталықтандырылған газ желісіне қосылып, газ отынын пайдалануда (Жалағаш кентіндегі тұрғын үй саны 3164).
Жалағаш ауданында білім саласы бойынша барлығы 23 нысан бар. Оның ішінде 20 мектептің 17-сі сұйық отынмен, 2-еуі қатты отынмен (№31, 188 мектептер), 1 мектеп (№202 мектеп) газбен жылытылады. Мектептерге жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 1581 тонна, қатты отын қажеттілігі 544 тоннаны құрайды (№31 мектеп – 280 тонна, №188 мектеп – 264 тонна). Биылғы жылы мектептерге сұйық отынға 464,5 млн теңге, қатты отынға 9,5 млн теңге қаржы бөлінді. 1116 тонна сұйық отынға (360,1 млн теңгеге) жеткізіп берушілермен келісім-шарт жасалып, одан бүгінгі күнге 932 тоннасы алынған. Қазіргі таңда мектептерде 11 тонна сұйық отын қоры бар және 184 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. Сұйық отын сатып алуға 99 млн теңге қаржысы бар, 2024 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімге 380 тонна сұйық отын сатып алуға қосымша 136 млн теңге қаржы қажет. Мектептерге 543 тонна қатты отынға (9,5 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан бүгінгі күнге дейін 25 тоннасы алынған, 518 тоннасы енді алынады. «Ақтерек» лагеріне сұйық отын қажеттілігі 9 тоннаны, Оқушылар үйіне 22 тоннаны құрайды. «Ақтерек» лагеріне сұйық отын сатып алуға 3 млн теңге, Оқушылар үйіне 7,7 млн теңге қаржысы бар.
Индустриалды-аграрлық колледжге қатты отын қажеттілігі 267 тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін 8 тонна қатты отын қоры бар немесе қажеттіліктің 3 пайызы болып отыр. Бүгінгі күнге дейін барлық нысандар жылу беру маусымына дайын.
Балабақшалар бойынша аудандағы 10 балабақшаның 6-ауы сұйық отынмен, 1 нысан («Арай» балабақшасы) қатты отынмен, 3 нысан (Ақмаржан, Күн шуақ, №19 санаториялық балабақша) газбен жылытылады. Балабақшаларға жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 226 тонна, қатты отын қажеттілігі 43 тоннаны құрайды. 2023 жылы сұйық отынға 65,6 млн теңге, қатты отынға 720,0 мың теңге қаржы қаралған. 145 тонна сұйық отынға (44,8 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 91 тоннасы алынған. Бүгінгі күнге балабақшаларда 7 тонна сұйық отын қоры бар және 54 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. «Арай» балабақшасында 8 тонна қатты отын қоры бар және келісім-шарт бойынша 27 тонна қатты отын алашақ. Бүгінгі күнге барлық балабақшалар жылу беру маусымына дайын.
«Мәдениет саласы бойынша 20 нысанның 3-еуі сұйық отынмен, 14 нысан қатты отынмен, 2 нысан газбен, 1 нысан электр қуаты арқылы жылытылады. Мәдениет нысандарына жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 46 тонна, қатты отын қажеттілігі 939 тоннаны құрайды. 2023 жылы сұйық отынға 16,9 млн теңге, қатты отынға 16,8 млн теңге қаржы бөлінген. 45 тонна сұйық отынға (13,4 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 37 тоннасы алынған. Қазіргі таңда нысандарда 2 тонна сұйық отын қоры бар және келісім-шарт бойынша 8 тонна сұйық отын алашақ. 931 тонна қатты отынға (16,8 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 512 тоннасы алынған. Бүгінгі күнге дейін нысандарда 58 тонна қатты отын қоры бар және 419 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша алашақ», – деді Ғабит Ерболұлы.
Ол сонымен бірге биылғы жылы аудандық кітапхананың қазандығы газ отынына көшірілетінін баяндады. Бүгінгі күнге дейін аудандық кітапханадан, «Мәдениет» ауылдық клубынан басқа нысандар жылу беру маусымына дайын тұр. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын басқа да мекемелердің жылу беру маусымында сұйық отын қажеттілігі 154 тонна, қатты отын қажеттілігі 117 тоннаны құрайды. 2023 жылы сұйық отынға 33,1 млн теңге, қатты отынға 2,4 млн теңге қаржы бөлінген. 98 тонна сұйық отынға (29,7 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан 71 тоннасы алынған. Қазіргі таңда нысандарда 2 тонна сұйық отын қоры бар және 27 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. 37 тонна қатты отынға (699,0 мың теңгеге) келісім-шарт жасалып, оның 20 тоннасы алынған. Нысандарда 4 тонна қатты отын қоры бар және 17 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша алашақ. Аудандағы денсаулық сақтау саласына қарасты 19 нысанның 3-уі (аудандық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшесі, аудандық емхана) газ отынымен, 16 нысан қатты отынмен жылытылады. Нысандарға жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 770 тоннаны құрап отыр.
Биылғы жылы Жалағаш ауданында қатты отынға 15,2 млн теңге қаржы қаралыпты. Осыған байланысты 760 тонна қатты отынға (15,2 млн теңгеге) келісім-шарт жасалып, одан қазірге дейін 340 тоннасы алынған. Сол сияқты 420 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша енді алынады.
Бөлім басшысының есебінше, бүгінгі күнге дейін «Мәдениет», «Мақпалкөл» ауылдары дәрігерлік емханаларынан, «Жаңақоныс» медпунктінен басқа нысандар жылу беру маусымына дайын болып тұр. Ал спорт саласы бойынша 9 нысанның 2-уі сұйық отынмен, 5-уі қатты отынмен, 1 нысан электр қуатымен, 1 нысан (бассейн) газ отынымен жылытылады. Олардың сұйық отыннан қажеттілігі 39 тоннаны, қатты отыннан қажеттілігі 220 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда нысандарда 6 тонна сұйық отын қоры бар және 3 тонна сұйық отын келісім-шарт бойынша алашақ. 3 тонна қатты отын қоры бар және 28 тонна қатты отын келісім-шарт бойынша алашақ. Биылғы жылы «Наркескен» спорт клубының қазандығы газ отынына көшірілетін болады.
Тағы бір білгеніміз: күні бүгін «Наркескен» спорт клубынан басқа нысандар жылу беру маусымына дайын екен.
Қорыта келгенде, Жалағаш ауданының жылыту маусымына дайындығының қазіргі барысы көңіл қуантады. Енді оны тек осы қарқынмен сапалы етіп толық аяқтап шығу ғана қалып тұр.
Жансая НҰРҚОЖА