АҚШ: Украинадағы атысын тоқтатпаса, Ресеймен келісім болмайды

УАШИНГТОН. 16 сәуір. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс «қан қасап тоқтамайынша» Ресейге қарсы санкциялар жеңілдетілмейтінін айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ Украинада атысты тоқтатпайынша Ресей қарсы санкциялардың ешбірі жеңілдетілмейді және онымен екіжақты келісім жасалмайды. АҚШ мемлекеттік депарьаиентінің өкілі Тэмми Брюс 15 сәуір, сейсенбі күні өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.
Брюс журналистерге: «Әзірге мына қанды қасап тоқтамайынша, ешқандай келіссөздер де, шешімдер де, келісімдер де болмайды», – деді.
Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің басшысы сондай-ақ Ресейдің 35 адамның өмірін қиған Сумыға зымырандық соққысы «кім шын мәнінде бейбітшілік пен атысты тоқтатуды қалайды» деген мәселе төңірегіндегі сұрақты одан бетер көбейте түскенін атап өтті. Брюс Украинадағы соғысты «ештеңе өзгермеген» «ет тартқыш» деп атады.
15 сәуірде The Wall Street Journal (WSJ) АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Дональд Трампқа Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің «дипломатиялық ниеттерінен» абай болуға кеңес бергенін хабарлады. Бұл пікірлер Ақ үйде АҚШ-тың Ресейді Украинамен бейбіт келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеу үшін оған қарсы санкцияларды қатайтуы керек пе деген мәселені талқылау барысында айтылды, деп жазады WSJ.
Рубио мен Келлог Ақ үй басшысына Путинмен қарым-қатынаста сақтық танытып, әсіресе Мәскеудің Киевке аумақтық жеңілдіктер беру талабына қатысты қатал бағыт ұстануды ұсынды, деп жазады WSJ.