Балдырғандардың базарына айналған бақша
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмаржан» бөбекжай-бақшасы бүгінде бүлдіршіндердің бақытты мекеніне айналып отыр. Мектепке дейінгі білім ошағы 2010 жылы ашылған. Бүгінде балабақшада 18 педагог қызмет атқарып келеді, онда 90 балаға лайықталған 5 топ жұмыс істейді.
«Ақмаржан» балабақшасының меңгерушісі Салтанат Дүзелбаева балабақшаның тынысын айтып берген болатын.
«Әр топта жатын бөлмесі, ойын бөлмесі, жуыну, киіну бөлмелерімен толық жабдықталған. Ашық алаңда балалар ойнайтын ойын алаңда әткеншектер, құм салғыш алаңшалары, спорттық құрал-жабдықтарының барлығы дерлік қамтамасыз етілген. Бөбекжай-бақшада бейне бақылау қызметі жұмыс істейді. Министрліктің бұйрығына сәйкес, «Қарлығаш» тобы фребель материалдарымен, «Әуенді кесте», «Wedo edukition» бағдарламалары робот техника кабинеттерімен жабдықталған. «Ақ қонжық», «Сөйлейтін қаламмен» МАД тобы интерактивті тақтамен жабдықталып, АКТ технологиясын іске асырады, «Жұлдыз» ересектер тобы «Кюзенер таяқшалары», «Сложи узор», «Ұлттық ойындар жинағы» әдістемелік құрал-жабдықтармен, «Көгершін» ортаңғы тобы интеллектум ойындарымен, «Сөйлейтін қалам» ортаңғы топтары «Даналық әліппесі», «Қазақ ертегілері» аудио кітаптармен , «Қызғалдақ» және «Балапан» кіші топтар Фребель материалдары, Деньеш блоктары, триз, тәй-тәй ойыны, асық ойындары әдістемесінің күнделікті өмір жаттығуы және дамытушы аймағына айналдырды. Осы жұмыстар нәтижесінде облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік мектепке дейінгі үздік ұйым -2022» облыстық байқауында ұжым ІІІ орынды иленді»,- дейді білікті басшы Салтанат Берікбайқызы.
Балабақша іші кіргеннен креативті идеяларға толы. Тәрбиешілердің жасаған көрнекі құралдары ерекше идеямен жасалған. Тәрбиешілері жаңа көзқараста әрбір сабағына тыңғылықты болуының арқасында жетістіктері ұшан-теңіз. Мысал келтірер болсақ, «Бал-бала »облыстық балалар арасындағы байқауда «Жұлдызды жұп» номинациясымен тәрбиеші Э.Абилдаева, Г.Алпысбаева марапатталды. Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамсыз ету департаментінің Алғыс хатымен Г.Алпысбаева марапатталды. «Үздік жоба-2022» байқауында З.Баймбетова ІІ орын, «Үздік бейне сабақ-2022» байқауында А.Алпысбаева ІІІ орын «Үздік-тәрбиеші 2022» байқауында А.Берікқызы ІІІ орын «Үздік апталық циклограмма-2023» Г.Тұрғанова ІІІ орын , «Ән шырқайық бәріміз» С.Тілеулесова ІІ орын. «Қызыққа толы сәттер» юайқауында Э.Әбілдаева ІІІ орын, «Үздік педагог-2023» байқауында Г.Алпысбаева «Жаңашыл педагог» номинациясын иеленді. Қызметкерлер мен ұжымда өндірістік кеңестер мен түрлі балабақшаішілік шаралар жүргізіледі. Ұжымдық шартқа негізделген еңбек қорғау, ерікті өрт жасақшылар тобы жұмыстары жоспарлы жүреді. Еңбек қорғау нұсқаулығын жоспарлы түрде өтеді. Ұжымда мектепке дейінгі ұйым деңгейінде бірнеше жетістіктер жүзеге асу барысында модельдің міндеттері іске асырылса, педагог деңгейінде үздіксіз кәсіби даму үстінде. Ата-ана деңгейінде бастамашылдықты, дербестікті, жауапкершілікті дамыту мақсатында «Бар жақсылық – балаларға» балалар жылы аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, «Әкелер сайысы», «Игі істер күндері», «Бар жақсылық балаларға» атты шаралар жүргізіліп келеді.
«Мектепке дейінгі мекемелерде басшылық қызметте 10 жылдан аса уақыт қызмет етіп келемін. Менің педагогикалық ұстанымым – балаларға ұлттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына сіңіре отырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Тәрбие үрдісінде бүлдіршіндерді халқымыздың ұлттық салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық нақыштарымен таныстырып, ұлттық ойындарды ойнатып, ұлттық ойыншықтармен ойнауды насихаттаймыз», – дейді білікті басшы.
Бір қолдың саласындай, ынтымағы жарасқан балабақша ұжымы өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде бір мақсатқа жұмылып, табысты еңбек етулеріне тілектеспіз.
Жансая ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ