ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

 «Мәскеудің бас алаңында өзбекше жазу болғанда барып ойланамыз»

ТАШКЕНТ. 25 сәуір. Өзбекстан Олий мажилисінің депутаты Одилжон Тожиев РФ сыртқы істер министрінің ескертпесіне жауап қайтарды. Бұл туралы upl.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Өзбек депутаты Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандта болған кезінде жасаған ескертпесіне жедел қатқыл жауап қайтарды. Онда Одилжон Тожиев: «Егер Мәскеудің бас алаңында өзбек тілінде жазу пайда болып жатса, онда ойланып көруге болады», – деді ол.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапары барысында мұның алдында Самарқанд қаласында болған еді. Ол «Мәңгі алау» тұғырына гүл шоқтарын қойғаннан кейін ондағы жазбалардың өзбек және ағылшын тілдерінде екенін байқап, неге орыс тілінде де жазылмағанын міндет қып сұраған еді.

Ресейлік мейманның бұл сауалына Өзбекстан Олий мажлисінің депутаты . Одилжон Тожиев жауап берді. Халық қалаулысы ресейлік саясаткерге барынша қысқа, бірақ өте сенімді түрде жауап қайтарғанды жөн көрді.

«Өзбек халқы тілді міндет емес, мүмкіндік ретінде таңдайды. Шетел тілін еріктен тыс таңу сүйіспеншілікке емес, жаулыққа шақырады. Егер Мәскеудің бас алаңында өзбек тілінде жазу пайда болып жатса, онда бізге де ойланып көруге болады», – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button