25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын әлдекім атып кетті

21 Сәуір 2025 22:58
- Жаңалықтар, Оқиға
Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын әлдекім атып кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ШЫМКЕНТ. 21 сәуір. Бүгін әлдекім Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, зардап шегуші ауруханаға түсті. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ тиіп, ауруханаға түсті», – делінген хабарламада.

2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Арысбекұлы Берденов бірнеше жерінен оқ жарақатын алған.

Оқыс оқиға қала әкімдігі ғимаратының жанында, сағат 20:30 шамасында орын алған. Аталған оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігінің маңында қарудан оқ атылды. Салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған барлық медициналық көмек көрсетілуде. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды. Тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында аталған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Инциденттен кейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде болған оқиғаның болжамды себептерінің бірі тарай бастады. Онда шабуыл тұрмыстық сипатта, жеке себептермен, соның ішінде қызғаныш жағдайынан туындаған деген жорамал айтылады. Қызғаныш әйелге байланысты тұтанған сияқты.

Сол екі аралықта Руслан Берденовтің партияласы Бейбіт Әлібеков бұл болжамның шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Ол шабуыл «Шымкенттің құрылыс саласында тәртіпке келтіру жұмыстары жүріп жатуына байланысты жасалса керек» деген версияны алға тартады.

Бұған қоса, Әлібековтің айтуынша, қала әкімінің орынбасарын атқан күдікті әкімдік жанындағы ЖШС-ның қызметкері көрінеді.

«Оқ Берденовтің өкпесі мен бауырына тиіп кеткен. Бірақ бәрі жақсы болады», – деді ол.

Ресми органдар әзірге қылмыстың жасалуы ықтимал себебі жайлы мәлімдеме жасаған жоқ.

Таңбалар: ауруханаРуслан Берденовшымкент

Ұқсас мақалалар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Путинді сынаған Ремесло психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтар

Путинді сынаған Ремесло психиатриялық ауруханаға жатқызылды

19.03.2026
Шымкент полициясының бастығы қызметінен босатылды
Жаңалықтар

Шымкент полициясының бастығы қызметінен босатылды

21.01.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist