Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қазақстанда жергілікті полиция қызметі жойылатын болды

АСТАНА. 16 сәуір. Парламент Мәжілісі Қазақстанда 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жергілікті полиция қызметін жоюға шешім қабылдады. Бұл туралы Sputnik.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Депутаттар 2016 жылы құрылған жергілікті полиция қызметін реформалау керек, себебі, ол іс жүзінде өзін өзі ақтаған жоқ деп шешті.

Мәжілісшілер мемлекеттік аппараттың бюрократиясын жоюға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

«Жергілікті полиция қызметінің құрылымына учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік, кәмелетке толмағандар ісі, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері кірді», деп еске алды депутаттар.

Алайда, қызмет өзінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді негізгі функциялардың орнына, екінші кезектегі қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтау, құрылыс алаңдары мен басқа жерлерден қалдықтарды шығару міндеттерін атқара бастады.

Ішкі істер министрлігі бұл қызмет пен әкімшілік полицияны құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді екі басқармаға айналдыруды ұсынады, екі қызмет те тек өзжерінің тікелей міндеттерін атқаруға ғана айналысатын болады.

Мәжілісшілер көлік полициясы бөлімшелерінің атауларынан «желілік» деген терминді де алып тастады. Енді олар «көлік полициясы» бөлімшесі болып аталады.

Депутаттар сондай-ақ әскери тергеушілерді аумақтық полиция органдары жүйесінен шығарып тастады, өйткені олар ішкі істер органдарының дербес бөлімшелері мәртебесін алған болатын.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық үшін қамауға алынғандар енді тұрғылықты жері жоқ адамдармен бірге қабылдау орындарында болады. Себебі, олар үшін арнайы оқшаулағыштарында орын жетіспейді.

Заң жобасы 16 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button