11 жасар қыз парламентке оқтаулы автоматпен келді
БОЙСЕ. 25 ақпан. АҚШ-тың Айдахо штатындағы парламентте өтетін көпшіліктің заң жобасын тыңдауына он бір жасар қыз оқтаулы автоматпен келді. Бұл туралы «Associated Press» хабарлады.
Иығына AR-15 винтовкасын іліп алған Бэйли Нильсен мұнда Айдахода тіркелмеген америкалық азаматтардың жасырып қару ұстап жүрулеріне рұқсат беретін жаңа заң жобасына қолдау көрсетуге келген атасы Чарльз Нильсенмен бірге келіпті.
Ер кісі бұл жерге жұрттың қарумен жүрген адамдардан қорықпайтынын көрсету үшін автомат асынып алған немересін әдейі ертіп келген екен.
«Бэйли бес жасынан бері мылтық ата алады. Ол өзінің бірінші бұғысын тоғыз жасында атып алған. Мылтық ұстаған кездегі жауапкерлішікті де жақсы біледі, саусақты шүріппеде ұстауға болмайтынын түсінеді», – деді ол Чарльз Нильсен заң шығарушыларға.
Қазір Айдоха штатында жастары 18-ден асқандарға мылтық алып жүруге рұқсат етілген. Бірақ бұл рұқсат осы штатта тұратындарды ғана қамтиды.
Бұлар да еріккен екен!