Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Иранда коронавирус құрбандары саны 12-ге жетті

АНКАРА. Иранда коронавирустің жаңа түрімен ауырып, көз жұмған адам саны 12-ге жетті. Бұл туралы түріктің Anadolu агенттігі хабарлады.

Иран денсаулық сақтау министрі Саид Немекидің айтуынша, елде 47 адам Covid-2019 вирусын жұқтырып алған.

Кейін оның орынбасары Ирадж Харирчи бұлардың қатары 60-қа жуықтағанын тілге тиек етті. «Анализдері оң болып шыққан адамдардың мөлшері шамамен 59-дан 61-ге дейін барады», – деді ол.

Бүнгін коронавирустың Иракқа да жеткені айғақ болды. Инфекция осында жүрген Иран азаматынан табылды.

Қытайда аталмыш ауруды жұқтырып алғандар қазір 77 мыңнан асты. Бұлардан бөлек, 2592 адам осыдан жантәсілім етті. Сол сияқты 24 мың адам емделіп шықты. Ал, ВОЗ-дың мәліметі бойынша, Қытайдың сыртында 1769 адамның коронавирусты жұқтырып алғаны, олардың 17-сі қазір қайтыс болғаны белгілі болып отыр.

Беті аулақ!

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button