The Economist «Путиннің пайдалы нақұрыстары» тізімін жариялады
ЛОНДОН. 7 шілде. Ұлыбританияның «The Economist» апталық журналы саналы түрде немесе білместікпен Ресейдің жандайшап жәрдемшілері болып отырған елдер тізімін жасап шығарды. Бұл туралы шетел баспасөзінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Еуропаның пайдалы нақұрыстары» спектрі – қырғи қабақ соғыс жылдарында коммунистік қоғам құрушыларға еріксіз не амалсыз одақтас болып қалғандарға қатысты шығарылған термин.
Енді «The Economist» журналы тап солай Ресейге саналы түрде немесе онысын өздері де толық сезінбей көмек беріп келе жатқан елдердің тізімін жасады. Тізім «Путиннің пайдалы нақұрыстары» деп аталды.
Жинақталған материалдарға сай, «идиоттар» сапына Мажарстан (Венгрия), Аустрия, Грекия, Түркия, Сербия және Швейцария кірген. Сол сияқты Ресейге бұрыннан бүйрегі бұрып тұратын Марин Ле Пен, Роберто Фицо, Маттео Сальвини секілді саяси тұлғалар жеке атап өтілген.
Путиннің жандайшаптары арасында Еуропа елдері үкіметтерінің басшылары да бар. Солардың ішінде 2010 жылдан бері Мажарстанның премьер-министрі болып келе жатқан Виктор Орбан бұл жағынан ерекше көзге түседі. Популист лидер Ресейге жақтасамын деп, Украинаға қолдау білдірушілерді бірнеше рет орынсыз сынға алды. Грекия үкіметі де кейінгі кездері Кремльді қолдайтынын білдіріп қойып жүр. Ал екі түрлі стандарт ұстанатындығы баяғыда белгілі Түркия президенті Ресейге де, Украинаға да бірдей жақсы атты көрінгісі келетінін ұдайы байқатып келеді. Аустрия үкіметінің басшысы да соңғы уақыттары Ресейге көп жалтақтайтынын көрсетіп алды.
Ағылшын журналы бұлар жөнінде ерекше айтып өткен.