Кишинеу әуежайында екі адамды атып өлтірген тәжік азаматы ұсталды
КИШИНЕУ. 1 шілде. Кеше Молдова астанасындағы аэропортта екі адамды атып өлтірген Тәжікстан азаматы қолға түсіп, қамауға алынды. Бұл туралы News.Maker ақпарына зер салған rast.kz хабарлайды.
«Кишинеу әуежайында шетел азаматы отты қарудан оқ атып, екі адамды өлтірді». – делінген ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған «Азаттық радиосының» молдован қызметі.
Ведомствоның мәліметі бойынша, жұртқа шабуыл жасаушы өзі жарақат алғаннан кейін қолға түсіп қалған. Ішкі істер министрлігіндегілер шетел азаматына аэропортта Молдова жеріне кіруге рұқсат етілмеген. Ер кісі зарарсыздандырылған аумақта кері қайтарылу үшін ұсталып тұрған кезінде шекарашылардың бірінің тапаншасын суырып алып, екі адамды өлімші етіп жаралаған.
News.Maker кейінірек шабуыл жасаушы Тәжікстанның 43 жастағы азаматы екенін анықтады. Оған елдің қауіпсіздігі мақсатында Молдоваға кіруге рұқсат берілмеген. Ол сол кезде аэропортта бір шекарашы мен әуежай қауіпсіздік қызметінің қызметкерін атқан. Бұлар сол жарақаты салдарынан жантәсілім еткен. Тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға түскен.
Осы оқиғаға байланысты терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұның алдында шабуыл жасаушыны «Вагнердің» содыры деген де болжам айтылған