Лукашенко таңертең отбасы мүшелерімен бірге Түркияға ұшақпен барды
МИНСК. 24 маусым. Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен түнде отбасы мүшелерін түгел жанына алып, Түркияның Бодрум қаласына ұшып барды. Бұл туралы «БелСат» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Алайда белорус диктаторының мұнда Ресейде болып жатқан бұлағайға байланысты келгені не өз бетінше жүргені әзірге белгісіз.
Ресурс мәнбесі РФ президенті Владимир Путин өз елінде басталып кеткен әскери бүлікке байланысты қоңырау шалған кезінде Беларусь президенті Александр Лукашенко мінген ұшақтың Түркияға ұшып бара жатқанын айғақтап береді.
24 маусым күні таңертең Александр Лукашенконың баспасөз қызметімен байланыстағы «Пул Первого» телеграм-каналы Ресей президенті Владимир Путиннің оған қоңырау шалғанын растады.
Хабарланғандай, қоңырау шалған Ресей президентінің өзі болыпты.
«Владимир Путин белорус әріптесін Ресейде болып жатқан жағдайлар жөнінде хабардар етті», – делінген хабарламада.
Сонымен бір мезгілде «МотолькоПомоги» телеграм-каналы Лукашенконың отбасы 24 маусым күні түнде Минскіден ұшып шығып, таңертең, сағат 05:15-те Түркияның Бодрум қаласына барып қонғанын баяндады.
Телеграм-канал «бұл ұшақтың онда мейлінше жиі ұшып баратынын, ал оны сондай-ақ Виктор және Дмитрий Лукашенколар да пайдалана беретінін» атап өтті.
Бұдан кейін Владимир Путиннің Ресейде орын алып жатқан оқиғалар жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон арқылы айтып бергенін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.