18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастықты арттырады

12 Қыркүйек 2024 20:21
- Жаңалықтар, Қоғам
Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастықты арттырады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 қыркүйек. Қазақстан мен Түркияның Қорғаныс министрлері екі елдің әскери салада ынтымақтастықтығын арттыруға келісім жасасты. Бұл туралы zhasalash.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер бастаған делегация бүгін Қазақстанға ресми сапармен келді.

Жоғары мәртебелі қонақтың сапары «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Содан кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестрдің қатысуымен Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Яшар Гюлер өзара іс-қимылды кеңейтуге ұмтылысты растай отырып, екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселелерін талқылады.

«Қазақстанға қош келдіңіздер. Бүгінде екі ел қорғаныс ведомстволары арасында қызметтің көптеген бағыттары, соның ішінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені бойынша тығыз қарым-қатынастар дамыған. Қазақстанның әскери қызметшілері Түркия аумағында өткізілетін «Efes» және «Қыш» жаттығуларына тұрақты негізде қатысып келеді. Біздің курсанттар Түркияның әскери жоғары оқу орындарында білім алуда. Жыл сайын екі елдің әскери қызметшілері арасында өзара тәжірибе алмасу жүргізіледі. Сіздің бүгінгі сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді деп ойлаймын», – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Өз кезегінде Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер қорғаныс ведомстволары арасындағы әріптестіктің қарқынды дамығанына тоқталып, жылышырайлы қабылдау үшін ризашылығын білдірді.

«Біздің қарым-қатынасымыз ортақ тарихымыз бен өзара түсіністікке негізделген. Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктесіміз. Біз оқу-жаттығуларымызда Қазақстан әскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейін ерекше атап өтеміз. Осы бағыттағы өзара іс-қимылды арттыруға мүдделіміз. Сонымен қатар, Түркия Қарулы күштері жауынгерлік дайындық, әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мәселелеріндегі ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті», – деп атап өтті Яшар Гюлер.

Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гюлер құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Түркия қорғаныс ведомствосының басшысы серіктестік қатынастарды дамытуға өзара ұмтылыстың белгісі ретінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы «Достық аллеясына» ағаш отырғызды.

Таңбалар: әскери ынтымақтастықҚазақстанТүркия

Ұқсас мақалалар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?
Жаңалықтар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?

17.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist