Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Нарколог ең қауіпті алкоголь ретінде сыраны атады

МӘСКЕУ. 24 ақпан. Ресейлік нарколог, медицина ғылымдарының кандидаты Даниил Покровский ең зиянды алкогольді ішімдікке сыраны жатқызып отыр. Бұл туралы nsn.fm хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, тап осы ішімдік адам денсаулығына айрықша көбірек залал келтіреді. Себебі, сырадағы алкоголь барынша зиянсыз құрамдас бөлік болғанымен, оның көбік, түс, дәм секілді минорлы құрамдас бөлігі адамға барынша зор қауіп төндіретін көрінеді.

Наркологтың пікірінше, бұл спиртті ішімдік адам ағзаларына мейлінше кері әсер етеді. Мәселен, көлемі 375 мл болатын бір бөтелке сырада кобальттің жүрекке қауіпті мөлшердегі дозасы жатады. Сыра құрамындағы металл жүректің кардиопатиясын туғызып, оны май басып кетуіне бірден-бір себеп болады.

Покровский осыған байланысты бұл ішімдікті Ресей жерінде өндіруге және сатуға қатаң тыйым салуды ұсынды. Сонымен бірге, ол ең залалсыз алкоголь – қызыл шарап ішу керектігін айтты. Оның құрамында адам ағзасына керекті микроэлементтер мен витаминдер көп болады.

Кім білсін!

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button