Ғалымдар: үйде жұмыс істейтіндер 80 жылдан кейін қандай болады?
ЛОНДОН. 18 маусым. Англия зерттеушілері үйде отырып жұмыс істейтін кісілердің 80 жылдан кейін қандай кейіпте болатыны жөнінде өз болжамдарын жариялады. Бұл туралы gazeta.ru дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ағылшын оқымыстыларының пікірінше, үйде отырып (компьютермен) жұмыс істейтіндер 2100 жылға қарай жүздері күреңіткен, көздері ісіңкі, қолдарындағы саусақтары тырнаққа ұқсап кеткен адамдар кескініне келеді.
Ақпарға сәйкес, Лидс университетінің болашақ сарапшыларын бұлайша үйде жұмыс істейтіндердің (удаленщик) прототипін жасап көруге басқа нәрселер себепші болыпты. Онда үйде жұмыс істейтін британдықтардың үштен бірінің пәтерде жеке кабинеттері жоқ екені айтылады. Зерттеушілер сол прототиптің есімін Анна деп алады. Мамандар оның кескінін арқасы еңкіш, иығы салбыраңқы етіп суреттейді. Төсекте отырып жұмыс істейтін әйелдің образы осындай болып шығады деген болжам жасалады. Бұған қоса, мониторға ұдайы қадалып отыратын оның көздері ісіңкі әрі оның қиығы қызыл болып тұрады.
Сарапшылардың пікірінше, «қашықтағылардың» қолдарындағы тырнаққа ұқсап кеткен саусақтары толық созылмайды.
Бұдан бөлек, Анна шамадан тыс толық кейіпке түседі және таза ауаның жетімсіздігінен, сондай-ақ мазасыздық пен депрессия салдарынан иммунитеті нашар болады.
Сарапшылар өз зерттеулері бойынша алынған тұжырымды негізге ала отырып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қашықта отырып жұмыс істейтіндердің саулығын сақтап қалу үшін нақты шаралар қабылдауға шақырады.