Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қазақ қызы Мәскеудегі «Поле чудестің» суперойынын ұтып алды

МӘСКЕУ. 18 маусым. Алматы облысындағы Талғар қаласының тұрғыны Әлия Сапарова Ресейдің «Бірінші каналында» ойналатын «Таңғажайыптар алаңының» басты ұтысына қол жеткізді. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Біздің жерлесіміз алдымен іріктеу ойынынан шыққан, содан кейін финалда да алдына ешкімді салмаған.

«Талғар тұрғыны Әлия Сапарова Бірінші арнадағы «Поле чудес» шоуының финалы мен суперойында жеңіске жетті», деп хабарлайды Tengri Life.

Қазақ қызы финалда жасырылған «кисель» лексемасын дөп басып, дұрыс тапты.

Әлия бұдан соңыра суперойында бағын сынап көруге тәуекел етті. Оған «Антарктида маңындағы суларда тіршілік ететін мұзды балықтардың денесінде не жоқ?» деген сұрақ қойылды. Ол бір минут ойланғаннан кейін мұны «гемоглобин» деп есептеп, тағы оңды жауабын тапты.

Әлия бағдарлама барысында қысқы спорт түрлері бойынша республикалық спорт мектебінде әдіскер болып жұмыс істейтінін айтты. Ол Қазақстан құрамасының спортшыларын оқу-жаттығу жиындарына дайындайды екен.

Сөз ретінде айта кетейік, бағдарламаның эфирі 16 маусымда шықты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button