Түркияда жаңа өте ірі мұнай кен орнының көзі табылды
АНКАРА. 17 маусым. Түркияның жер қойнауларына жүргізіліп жатқан алдын ала барлау жұмыстары Като тауы ауданынан ірі мұнай кенішінің қайнар көзін тапты. Бұл туралы Sabah газетінің дерегіне үңілген rast.kz хабарлайды.
Барлаушылар Като тауы етегінен табылған мұнайдың сапасы араб елдеріндегі осындай нефтпен бірдей дегенді алға тартып отыр. Демек, ол – құрамында қоспалары барынша аз, өте таза, әлемдегі ең қымбат мұнай.
«Түркияның оңтүстік-шығысындағы Иракпен шекаралас аудандарда жаңа мұнай кеніші табылды, оның әлеуеті елдегі ең ірі – Габар кен орнының қорынан бес есе асып түседі», – деп жазады Sabah.
Биылғы мамыр айының басында Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Габар таулары жотасынан тәулігіне 100 мың баррель бере алатын жаңа мұнай кені орны табылғанын баяндаған еді. Оның қоры шамамен 70 миллиард долларға бағаланады