Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Өзбекстан бірінші президентінің ұлы әкесі мұрасына таласып жатыр

ТАШКЕНТ. 14 маусым. Өзбекстанның бұрынғы президентінің ұлы Пётр Каримов әкесінің мұрасы үшін оның жесірі Татьяна Каримованың үстінен сотқа талап-арыз берді. Бұл туралы Gazeta.uz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ташкент қаласы Яккасарай ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты енді Пётр Исламович Каримовтың Өзбекстанның бірінші президентінің жесірі Татьяна Акбаровна Каримоваға қарсы талап-арызын қарайды.

Отырыстың 26 маусымда өткізілетіні жоспарланып отырғаны туралы ақпар Жоғарғы сот сайтының сот отырыстары кестесі тарауында жарияланған.

Кестедегі ақпарға сәйкес, қаралғалы тұрған іс «мұрагерлік құқығынан туындайтын дау» тұрғысында қарастырылады.

Пётр Каримов – Ислам Каримовтың бірінші некедегі әйелі Наталья Кучмадан туған, қазіргі кезде Ресейдің Мәскеу облысында тұратын ұлы.

Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болды. Оның Татьяна Каримовамен некесінен Гульнара және Лола деген екі қыз өмірге келді. Ресми деректерде бірінші президенттің үш баласы бар екені атап көрсетілген.

 

Хабардың өзбек тіліндегі түпнұсқасы:

Ислом Каримовнинг ўғли судга мерос бўйича даъво аризаси киритди

Ўзбекистон биринчи президентининг ўғли Пётр Каримов Татьяна Каримовага нисбатан судга мерос бўйича даъво аризаси киритди.

Тошкент шаҳар Фуқаролик ишлари бўйича Яккасарой туманлараро суди Пётр Исломович Каримовнинг Ўзбекистон биринчи президентининг турмуш ўртоғи Татьяна Акбаровна Каримовага нисбатан даъвосини кўриб чиқади.

26 июнга белгиланган суд тўғрисидаги маълумот Олий суд сайтининг суд мажлислари жадваллари бўлимида жойлаштирилган.

Жадвалдаги маълумотларга кўра, кўриб чиқилаётган иш «ворислик ҳуқуқидан келиб чиққан низоларга» тегишли.

Пётр Каримов Ислом Каримов ва Наталя Кучманинг турмушидан бўлган ўғли, ҳозирда Россиянинг Москва вилоятида яшайди, деб ёзади ОАВ.

Ислом Каримов 2016 йил 2 сентябрда вафот этган. Унинг Татьяна Каримова билан турмушидан икки қизи – Гулнора ва Лола бор. Биринчи президентнинг расмий таржимаи ҳолида унинг уч фарзанди борлиги айтилади.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button