Кремль Украина әскерлерінің табысты шабуылынан «жынданып» жатыр
МӘСКЕУ. 14 маусым. Украина Қарулы күштерінің Запорожье бағытындағы сәтті шабуылы Кремль басшылығының жүйкелерін жүндей түтті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Украина армиясы шабуылға шыққалы уақыттан бері барлық майданда бірсыпыра табыстарға жетіп келеді. Соның ішінде кеше Запорожье бағытында айтарлықтай табысты ұрыс қимылдарын жүргізді.
Шын мәнінде Украина Қарулы күштері әлі жойқын қарсы шабуылды бастаған жоқ, әзірге жауларының әр жерден «тамырын» басып көріп жатыр. РФ басқыншылары украиндардың Запорожье бағытындағы қозғалысын байқағаннан кейін осы тараптағы Бердянск аэродромына 20 тікұшақ әкеп қойған еді. Сөйтіп, мұнда олардың саны 27-ге жетті. Соған қарамастан, украиндар шабуыл екпінін түсіре қойған жоқ.
Planet Labs спутниктерінің «Схема» жобасында жарияланып жүрген суреттерінен 13 маусым күні жұрт қарнды соққылы Ка-52, Ми-8, Ми-24 және 13 Ка-29 корабль-көлік тікұшақтарын көріп қалған.
«Вагнер» жеке әскери компаниясының егесі Евгений Пригожин Украина әскерлерінің соңғы күндердегі шабуылдары өте қарқынды болып жатқанын мойындады,
«Олар қазір 100 шаршы шақырым жерді басып алды», – деді ол.