Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Төтенше жағдайдың бұрынғы министріне қызметтік тексеру жүргізіледі

АСТАНА. 13 маусым. Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильиннің қызметтік міндеттеріндегі салақтығы мен оны орындамау деректері тексеріледі. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Президент бас прокурорға тапсырма берді, соның шеңберінде тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі – бұл төтенше жағдай, онда адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс шеңберінде тексеру жүргізіліп, оның неге дер кезінде шара қолданбағаны, мұнда қызметке немқұрайлы қараушылық бар-жоғы, өзінің қызметтік міндеттерін орындау деңгейі анықталады», – деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов сейсенбі күні журналистер сұрағына жауап беріп тұрып.

Ішкі істер министрі сондай-ақ Абай облысында өрттің пайда болуы туралы болжамдардың өзі қайсысын қолдайтыны жөніндегі сауалға да жауап қайтарды.

«Тексеру жүріп жатыр, қолдан от қойылғаны турасында да болжам бар. Іс арнаулы прокурорлар өндірісіне қабылданды. Ішкі істер министрлігі осы топта, тексеруді көреміз. Болжамдар қатарында қолдап жағу, салдыр-салақтық, найзағай түсу айтылуда. Енді сараптама мен іздеу шаралары жүргізіледі. Мұның бәрін тексеру үшін екі ай уақыт берілді», – деді Ахметжанов.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button