Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Түркия президенті Реджеп Ердоған үкіметтің жаңа құрамын жариялады

АНКАРА. 4 маусым. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған өзі президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін жаңа үкімет құрамын бекітті. Бұл туралы Hurriyet ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Газеттің атап өтуінше, вице-президент болып Джевдет Йылмаз тағайындалған.

Жарлық бойынша, Түркияның сыртқы істер министрлігін Хакан Фидан басқаратын болды. Бұған дейін ол Түркия ұлттық барлау ұйымының басшысы болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Түркияның жаңа үкіметі құрамына мына тұлғалар енді:

Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер;

Ішкі істер министрі Али Эрликая;

Әділет министрі Йылмаз Тунч;

Қазынашылық және қаржы министрі Мехмет Шимшек;

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Оздемир Гекташ;

Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру Ведат Ишихан;

Қоршаған орта, урбанизация және климатттың өзгеруі министрі Мехмет Ожасеки;

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар;

Жастар және спорт министрі Осман Аскин Бак;

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой;

Ұлттық білім министрі Юсуф Текин;

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа;

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Качир;

Ауыл және орман шаруашылығы минимтрі Ибрагим Юмакли;

Сауда министрі Омер Болат;

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу.

Бұл тізім Түркия үкіметі құрамының түгелдей дерлік өзгергенін көрсетеді. Бұрынғы құрамнан тек Денсаулық сақтау министрі ғана қалған.

Ердоған сондай-ақ президент сайлауы кезінде өзіне дауыс берген барша сайлаушыларға алғыс айтты.

«Мен 14 және 28 мамыр күндері өздерінің демократиялық таңдауларын жасаған өзімнің барлық 54 миллион азаматыма алғыс айтқым келеді. Айрықша алғыс сезімін кезекті мәрте менің президент болуымды лайық деп тапқан өзімнің 27 миллион 835 мың азаматыма білдіргім келеді», – деді ол.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button