Путиннің Украинадағы бірде-бір мақсаты орындалған жоқ – Затулин
МӘСКЕУ. 3 маусым. РФ мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Ресей президенті Украинаға басып кіргенде алға қойған мақсаттың бірде-бірі орындалмағанын айтты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Дума депутаттары соғыс басталған шақта Ресейдің «Украина жерінде денацификация, демилитаризация және бейтараптандыру» жасайтыны, сондай-ақ өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларындағы «балаларды қорғайтыны» ресми түрде айтылғанын еске түсірді.
«Айтылған тармақтардың қайсысы өзінің нәтижесін берді? Ешқайсысы да. Бұған қоса, бұлардың бірқатары осы кезге дейін өзінің маңызын жоғалтып алды. Мәселен, Украинаны бейтараптандыру. Қазір бұл талапты алға шығарудың қандай мағынасы бар? Осы мезетте ешқандай да! Украина мемлекет ретінде тіршілік етуін жалғастырса, ол енді бейтарап болмайды», – деді Затулин.
Ол Батыс дәл қазіргідей қолдап отырғанда, Ресейдің мұны жасау үшін Украинаны басып алуға шамасы келмейді деп есептейді.