Жұбайлар үйленгесін 4 күннен соң ажыраспақ болды
АТЫРАУ. 22 ақпан. Жас жұбайлар үйленгесін 4 күннен кейін оларды қалыңдықтың шешесі АХАЖ-ға ажырастыруға апарды. Бұл туралы atpress.kz хабарлады.
Мұның бәрі аймақтық коммунникация қызметінде өткен брифингінде еңбекпен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева өзінің сөзінде келтірді.
Оның айтуынша, өткен жылы Атырауда 3 мың неке тіркелген, ал ресми ажырасқандар саны 1,5 мың болған.
Ажырасқандардың орта жасы 25-30-ды құрайды, барлығында дерлік бала бар.
«Өткен жылы 60 жастағы ерлі-зайыптылар ажырасты. Ал бір жас жұбайларды үйленгендеріне 4 күн болғаннан кейін қалыңдықтың шешесі ажырастыруға алып келді», – деді Хабиева.
Алайда, АХАЖ қызметкерлері жас жұбайларға некелерінің бұзылғаны жөнінде құжат беруден бас тартқан. Себебі, бұл жөнінде олардың өздері сотқа арыз берулері керек болатын.
Бұдан кейін олардың араздықтары немен біткені АХАЖ қызметкерлеріне белгісіз екен.