Өткен тәулікте Ресейдің алты өңірі дрондар шабуылына ұшырады
МӘСКЕУ. 26 мамыр. Өткен тәуілікте Ресей Федерациясының алты аймағына ұщқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast,kz хабарлайды.
Мамырдың 26-сына қараған түні Краснодардан Санкт-Петербургке дейінгі атырап ракеталар соққысы астында қалып, ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы зобалаңына ұшыраған.
25 мамыр күні кешке Ростов облысының Морозов әскери аэродромы орналасқан ауданында украинның «Гром» ракета-тактикалық кешені атып түсірілді, деп жазады Shot телеграм-каналы. Аэродром Луганск облысының шекарасынан 150 шақырым жерге орналасқан. Онда Украинадағы соғысқа қатысып жатқан Әскери әуе күштерінің Қызыл тулы 4-ші армиясы құрамына кіретін 559-шы бомбалаушы авиациялық полкы орналасқан.
25 мамыр күні кешке сондай-ақ Белгород облысының Октябрь кентінде ұшқышсыз ұшақ «Газпром» ғимаратына жарылғыш зат лақтырып кеткен, деп баяндайды өз мәнбелеріне сүйенген Baza. Жарылыстан ғимарат терезелері ұшып түскен, шатыры мен қасбетіне залал келген.
Брянск облысының Стародуб ауданында шекарадан 4 шақырым жердегі Стратива селосына араларына 15 минут уақыт салып, үш соғыс дроны шабуыл жасаған. 25 мамыр күні сағат алты шамасында екі беспилотник кезектесіп келіп, алқапқа белгісіз жарылғыш тастап кеткен.
Краснодардың орталық алаңында 26 мамыр күні таңғы төртте жарылыс орын алды. Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев оқиғаның себебі анықталып жатқанын айтты. «Гаражная көшесіндегі 77/1-үйде ішінара терезелер қирап қалған. Қатар тұрған жеке үйдің шатырына залал келген».,– деп хабарлады қала мэрі Евгений Наумов.
Baza телеграм-каналының жазуынша, Краснодарға екі дрон шабуыл жасаған, олардың бірі аспанда атып түсірілген.
25 мамыр күні күндіз Санкт-Петербургтегі Боровая – Логово теміржол қатынасының Дачное станциясында диверсанттардың шабуылы тіркелген.
26 мамырға қараған түні Мәскеуде белгісіз біреулер Шығыс округіндегі Чухлинка станциясында от қойған.
Әзірге Украина тарапы бұлардың бірде-бірін өз жауапкершіліктеріне алып отырған жоқ.