Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Әлемге әйгілі Nick Jr арнасы енді қазақ тілінде де көрсетілмекші

АСТАНА. 25 мамыр. Балаларға арналған әлемге әйгілі Nick Jr арнасы биылдан бастап қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Бұл туралы turkystan.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақ тіліндегі жаңа арнаның іске қосылуы мемлекеттік тілдегі контенттердің саны мен сапасын арттыруға өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік тілдегі балалар контентін дамыту үшін 2021 жылдан бері сол кездегі министр Aида Ғалымқызының қолдауымен Nickelodeon балалар телеарнасының өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске аса бастады. 2021 жылы Nickelodeon телеарнасының 465 сағаттық мазмұны аударылса, 2022 жылы 345 сағаттық өнім қазақ тілінде сөйлей бастады. Биыл 481 сағаттық мазмұнды аудару жоспарлануда, оның ішінде 190 сағат Nickelodeon арнасының контенті және 291 сағат Nick Jr арнасының контенті қазақ тіліне тәржімаланады», – деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Қазақ тіліндегі Nickelodeon бағдарламаларын тарату теледидардың пультінде тілді ауыстыру арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Nickelodeon HD арнасы 100% локализацияланған контентті бағдарламалаумен бірқатар кабельдік операторларынан (Қазақтелеком, TVCom, Beeline, т.б.) бөлек эфирге шығады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button