Сабина Алтынбекованың ажырасып кеткені рас па? Бұған оның өзі жауап берді
АЛМАТЫ. 24 мамыр. Әлеуметтік желіде белгілі волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуімен ажырасып кеткені айтылып жатыр. Спортшының өзі бұған түсіндірме жасады. Бұл туралы Massaget.kz деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Forbes» журналының ең бай спортшылар тізімінде 11-орында тұрған қазақ қызы турасында осындай жел сөзге ерік берілгені рас.
Волейболшының өзі бұл сауалға «Ревю» бағдарламасында жауап берді. Ол әлеуметтік желіде фотоларды өшіруге өзіндік себеп болғанын, бірақ ажырасу туралы әңгіменің шындыққа жанаспайтынын айтты.
– Мен бұл сұрақтың жауабын өзімнің instagram парақшама жариялағанмын. Қауесет өтірік. Бізде бәрі жақсы. Жақын уақытта бірге түскен әдемі фотолар мен видеоларды шығарамын. Ал желіден бірге түскен суреттерді алып тастадым, себебі, бізге көз де, сөз де тигенін қаламаймын, – деді спортшы.
Сабина 2020 жылы 25 желтоқсанда кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы екеуі ұлды болған.
Сабина Абайқызы Алтынбекова 1996 жылы 5 қарашада Ақтөбе қаласында туған. Волейболдан Қазақстан құрамасының мүшесі. Жетіру бірлестігінің табын тайпасынан.
Бес жасынан бастап бимен айналысқан, 14 жасынан волейболмен шұғылданған. «Казхром» клубында өнер көрсеткен. 16 жасынан «Алматиночка» (Алматы) клубында ойнады. 17 жасында Қазақстан құрамасының мүшесі болды.
Волейболшы 2022 жылдан «Al wasl» Араб лигасында өнер көрсетіп жүр.