Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Бүгін – әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің туған күні (видео)

Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында туған. Әкесі Қанат Айтбаев пен анасы Светлана Айтбаева – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері

Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева облыстық маслихат депутаты болды. Димаштың ата-әжелері де музыкамен айналысқан адамдар. Бірі домбырада ойнаса, екіншісі ән айтады.

Димаш ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында ән салған. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанған.

Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Димаш 2010 жылы «Байқонырдың әсем дауыстары» халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» хХалықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.

Осы тұста Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған. Екі күн ішінде жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады.

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

Ол жасөспірім кезінде-ақ бір нотаны 23 секундқа дейін созып орындай алған. Гиннесс рекордтар кітабында ең ұзақ орындалған нота 20,2 секундты құрайтыны және бұл рекорд A-HA тобының лидері Мортен Хакерге тиесілі екендігі жазылған. Отандасымыз көрсеткіші кітапқа енбесе де, рекорд жаңартты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button