Орман өрті Абай облысының ауылдарына қауіп төндіріп тұр
СЕМЕЙ. 24 мамыр. Бірнеше күннен бері өршіп тұрған орман өрті Абай облысының елді мекендеріне қатерлі бола бастады. Бұл туралы BaigeNews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Абай облысында орман өртін сөндіру жұмыстары үш елді мекенде жүріп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің тарау қарқыны тоқтаған, қазір жекелеген учаскелерде қоламтаның ішкі жағын өшіру қолға алынды.
Тұзды көл ауданында желдің күшейе түсуіне байланысты от лапылдап жанып жатыр.
«Өрттің шамамен ауданы 1 500 гектарды құрайды. Өрт сөндіруге барлығы 100 тезхника бірлігі қатысуда. Бұлардың арасында бір өрт пойызы мен екі тікұшақ бар. Сол сияқты 402 адам осы жұмыстардың басы-қасында жүр», – деді ведомстводағылар.
Қазір қауіптің құшағында тұрған елді мекендер қатарында «Березовка» санаториі (36 үй, 108 адам тұрады), «Березовка» қосымша шаруашылығы (53 үй, 169 адам тұрады) аталады. Олар өрт болып жатқан аумақтан шамамен 5-7 шақырымдай жерде. Оқиға орнына төрт техника бірлігі жіберілген.
Өртті сөндіру үшін 157, 5 тонналық 59 су көздері пайдаланылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен дағдарыс орталығында жедел штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. «Ыстық желі» ашық тұр.