Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Жәнібек 2-раундта қарсыласын нокаутпен жеңіп, атағын қорғап қалды

СТОКТОН. 14 мамыр. Бүгін таңертең WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа жіберіп, атағын қорғап қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Шайқас АҚШ-тың Стоктон қаласында өтті. Ол осы күнгі кестенің ең басты жекпе-жегі болды.

Қазақстандыщ кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұл кезге дейін 13 рет кәсіпқойлар рингіне шығып, бәрінде де жеңіске жеткен, соның ішінде 8 шайқасты нокаутпен аяқтаған. Енді нокаут санын 9-ға жеткізді.

Жәнібек – әлемнің әуесқойлар арасындағы 2013 жылғы чемпионы.

Ал канадалық боксшы Стивен Батлердің кәсіпқойлар рингіндегі тәжірибесі мол еді. Ол бұл уақытқа 36 рет шаршы алаңға шығып, соларлың 32-інде жеңіске жеткен, 3 рет тең түсіп, 1 рет ұтылған, 26 ұрысты нокаутпен бітірген.

Бірінші раундты барлаумен өткізген Жәнібек екінші кезеңде бәсекелесін үш рет нокдаунға түсірді, ал төртінші мәртесінде рефери нокаутты анықтап, шайқасты тоқтатты.

30 жастағы Жәнібек Әлімханұлы осымен екінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғап отыр. Ол бірінші рет өткен жылғы 12 қарашада осындай сынақты бастан кешіп, британиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Шайқас «Хабар» телеарнасынан трансляция жасалды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button