Украина бірінші рет 120 шақырымға жететін ракетамен Луганскіні атқылады
КИЕВ. 13 мамыр. Украина Қарулы күштері бірінші рет 120 шақырымнан алыс жерге жететін ракетамен Луганскідегі мұнай қоймасы мен зауытты нысанаға алды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне ден қойған rast.kz хабарлайды.
Ресей басып алған Луганскіде екі рет жарылыс даусы естілген. «Украина Қарулы күштері полимер өнімдерін шығаратын кәсіпорын мен «Поликап» химикаттар зауытына соққы берген, оларда сол бойда өрт тұтанды», – деп мәлімдеді өзін өзі жариялаған ЛХР дегеннің Мәскеудегі бұрынғы елшісі Родион Мирошник.
ЛХР халық милициясының отставкадағы подполковнигі Андрей Марочконың айтуынша, УҚК бұл жолы қашықтығы 150 шақырымдық ракеталарды қолданған. «Русские военкоры» Z-каналы соққының Краматорскіде жіберілген екі қанатты ракетамен берілгенін атап өтті. Ондағылар Украина Қарулы күштері 290 шақырымға дейін жететін британиялық Storm Shadow-ды пайдаланды деп отыр. «Комсомольская правданың» әскери тілшісі Александр Коц бұдан былай Луганскінің тылдағы қауіпсіз қала болып қала алимайтынға ұқсайтынын жазды.
Блогер-насихатшылар сондай-ақ соққы берілген жерден Американың әуе қорғанысы жүйесімен жөнелтілетін ADM-160B алдамшы ракетасының сынықтары табылғанын хабарлады. Оның ұшу қашықтығы – 450 шақырым. Ол нысананы нысанға алатын ракетаның алдында жіберіледі.
12 мамырда ЛХР «Республика күнін» атап өтті. «РИА Новости» агенттігінің мәліметі бойынша, қалада сол мезетте «Единая Россия» бас кеңесінің хатшысы, сенатор Андрей Турчак болған.
Луганск – қазір майдан шебінен 100 шақырымнан қашық жерде тұрған қала. Ол HIMARS-тың Украинаға берілген нұсқасының снаряды жетпейтін жерде (84 шақырым) болғанымен, қауіптің құрсауынан толық ада емес екен. Ұлыбритания соңғы берген қару осыны анық байқатып отыр.