Путиннің армиясы Запорожье және Херсон облыстарынан қашып жатыр
КИЕВ. 7 мамыр. РФ әскери бөлімшелері Украинаның өздері басып алған Запорожье және Херсон облыстары жерлерінен шұбап қаша бастады. Бұл туралы украин пабликтерінің деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Осыған байланысты жолдар бойларында кептелістер көбейді, Қырым соғысқа дайындалуға кірісті.
Аннексияланған Қырымның «билігі» түбек қоршауда оқшауланып қалған жағдай үшін қажетті азық-түлік пен ауыз судың қорын жинап алуға кірісті. Бұл – Керчь көпірі қиратылып, Херсон облысының оңтүстік жағы Украина армиясының қарауына толық өткен кезде болатын жағдай.
Қазір сол сияқты Украина Қарулы күштері жойқын шабуылмен келген жағдайда Херсон және Запорожье облыстарының оңтүстігінде қалып қойған коллаборанттарды шұғыл эвакуациялау жағдайын ойластырып жатыр. Сатқындарды отбасымен түгел Қырымға көшіріп әкетуге дайындық жүруде.
«РИА-Мелитополь» агенттігінің мәліметі бойынша, басқыншылар Кирилловка селосындағы барлық демалыс базаларының егелеріне Токмактан, Молочанскіден, Васильевкадан және басқа жерлерден әкетілгендерді орналастыруды тапсырған. Ал келгендерді өз еріктерімен қабылдағысы келмеген бизнесмендерді базаларын тартып алатын болып қорқытқан.
«Адамдарды орналастырғандары үшін оларға ақы төлейтіндерін айтқан екен. Бірақ, тірліктеріне қарағанда, орктар құжаттардың бәрін өртеп, Мелитопольден компьютерлер мен серверлерді асығыс-үсігіс алып кете бастағаны, шамасы, берген уәделерін ұзақ күтуге тура келетін сияқты», – деп атап өтті «РИА-Мелитополь».
Сонымен бір мезгілде Мелитопольдің паспорт үстелінен барлық компьютерлер мен серверлерлі әкетіп жатты. Қалада қалған дәрігерлерді шұғыл жұмысқа шақырып, судың, шырағдандар мен панарлардың қорын жинап алу тапсырылды.
Көздері көргендер кетіп бара жатқан ресейліктердің Мелитополь мен Васильевкада тонаушылықпен айналысқандарын да айтып жатыр.